Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде полиция модульдік бекеті ашылды

Өскемен қаласында полиция модульдік бекеті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы аясында басты міндеттердің бірі ретінде – Жергілікті полиция қызметін “Полиция қадамдық қолжетімділікте” қағидаты бойынша реформалау екендігін атап көрсетті.

Ішкі істер министрінің нұсқауымен күнделікті жұмыстары халықпен тікелей байланысты сыртқы бөліністер қызметкерлерінің және учаскелік полиция инспекторларының басты рөлі айқындалды.

Полиция департаменті басым бағытты – полиция жұмысының сервистік моделін жүзеге асыруда. Бұл – азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда ашықтықты және қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Жол картасын жүзеге асыру үшін облыс аумағында 7 модульдік стационарлық бекеттер орнату жоспарланды (Өскеменде-5, Семейде-2).

– Аталған бекеттерде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, аумақты патрульдеу, азаматтарды қабылдау үшін тәулік бойы кезекшілік атқаратын болады, бұл азаматтарға кез келген уақытта көмекке жүгінуге немесе толғандырған сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік береді,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру