Маңғыстау полицейлері оқушыларға арнап кинологиялық орталықта экскурсия ұйымдастырды
Маңғыстау полицейлері оқушыларға арнап кинологиялық орталықта экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 мамыр мен 26 маусым аралығында Нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай республикалық айлық өткізілуде. Осы ретте Маңғыстау облысы ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы кинологиялық орталықта оқушыларға арналған экскурсия ұйымдастырылды.
Ақтау қаласы №30 орта мектебінің “Бозжыра” лагерінің жеткіншектері мен жауапты мамандары облыстық полиция департаментіне қарасты кинологиялық қызмет орталығында қонақта болды. Балаларды орталық мамандары жылы қарсы алып, әрі қарай қызметтік иттермен таныстырып, олардың қандай жағдайларда полицейлерге көмектесетіндігін баяндап берді.
Үйретілген иттердің жасырылған заттарды қалай табатыны көрсетіліп, күнделікті жаттығу жұмыстары қалай өткізілетіндігі көрсетілді. Сонымен қатар кішкентай меймандар қызметтік иттердің көмекші құралдарымен де танысты.
Кездесу соңында лагерь тәрбиешілері мен жасөспірімдер экскурсиядан алған әсерлерімен бөлісіп, полиция қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.