Маңғыстау полицейлері жолда көлігі бұзылған жүргізушіге көмектесті
Маңғыстау полицейлері жолда көлігі бұзылған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысында көлігі бұзылып, жолда қалған жүк көлігінің жүргізушісі өзіне көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Арман Бижанов пен Нұрболат Кубегенов қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, белгіленген аумақтарын патрульдеу барысында Шетпе – Сай – Өтес тас жолында жолда тоқтап тұрған КамАЗ жүк көлігін байқайды. Мән-жайды білу үшін сұрастыру барысында, жүк көлікте дизель отынының таусылуына байланысты жүрмей қалғандығы белгілі болды.
Жүк көлігі Жаңаөзен қаласынан Атырау облысына бағыт алып бара жатырған. Көлік құралының бұзылған жерінде байланыс желісі ұстамайтындығы себебімен жүргізушіге телефонын пайдаланып, әлдебіреуге хабарласу мүмкін болмаған.
Тәртіп сақшылары жақын ауылдардан дизель отыны мен бөшкілер алдырып, оны ауыстыруға көмектесіп, жақын елді мекенге дейін жеткізіп береді. Жүргізуші алғысын айтып, полицейлерді шығарып салғанымен, екінші күні екі қызметкер қызметке түскенінде, қайтадан КамАЗ автокөлігінің әлі сол апарған жерлерінде тұрғандығын аңғарады.
Ендігі көліктің қозғалмау себебі көлік құралында ақауы бар екендігінен болып шығады. Полицейлер қол қусырып қалмай, қажетті барлық қосалқы бөлшектерді жүргізушіге жеткізіп берді.
Осылайша жүргізуші екі күн бойы қызмет уақыттарының барлығын өзіне арнап, көмек көрсеткен полицейлерге шексіз алғысын білдірді.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерден алыс жолға шыққанда көліктің еш ақаусыз істеп тұрғанына міндетті түрде көз жеткізуін, өзіңізбен бірге жолда қажетті құрал-жабдықтар болуына кеңес береді.