Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер жұмысқа орналастырамын деп алдап кеткен алаяқтың жолын кесті

Маңғыстаулық полицейлер жұмысқа орналастырамын деп алдап кеткен алаяқтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұнайлы ауданының тұрғыны алаяқтың құрығына түскен. Бұл бойынша жәбірленуші полицияға арызбен жүгінді. Айтуынша, зиянкес жұмысқа орналасуға көмек беремін деген желеумен 630 мың теңге көлемінде қаражат алған.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 29 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Мұнайлы ауданы Пб сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру