Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында медицина қызметкерлері сотталғандармен кездесті

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы Р.Бактиберлина, облыстық ДСБ-ның БМСК бөлімінің маманы Н.Жұмаш пен №6 қалалық емханасының басшысының орынбасары Н.Жалғасбаева және ҚАЖД бастығының орынбасары Ж.Әбдіқайыров №68 мемлекеттік мекемесіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақсаты – сотталғандардың денсаулық жағдайымен танысып, жеке сұрақтары бойынша қабылдау.

Мекеме бастығының міндетін атқарушы А.Әмірбек пен медицина бөлімінің терапевт дәрігері Н.Көжеков келушілерді қамаудағылардың жағдайымен таныстырды. Медицина қызметкерлері мекемені аралау барысында сотталғандармен кездесіп, денсаулығы жөніндегі сүрақтарын тыңдап, жеке қабылдау өткізді.

– Пенитенциярлық мекемелердегі медециналық қамтамасыз ету денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына берілгелі қылмысқа тартылған азаматтардың денсаулығын тексеру, диагностика жасау мен емдеудің заманауи әдістеріне қол жеткізудің тиімділігі артып келеді. Бүгін облыстық медицина қызметкерлері сотталғандардың жай-күйін бақылап, мазалап жүрген сұрақтарына жауап берді. Келген мамандар сотталғандардың денсаулық тарихымен танысып, ауруларының белгілерін сұрап білді. Бекітілген диагнозы бойынша алдағы уақытта сала мамандары келіп, кеңес беріп, одан әрі емдеу жұмыстарын жүргізілетінін айтты, – деді  ҚАЖД МӘСҚ аға инспекторы М.Шайымбетова

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру