Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада сынып тұрған көліктің фараларын шешіп алған азамат ұсталды

Астанада сынып тұрған көліктің фараларын шешіп алған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері автокөліктен ұрлау фактісіне қатысы бар 34 жастағы азаматты анықтады.

Тергеу барысында ер адам Тілендиев даңғылындағы ТҚС жанында тұрған ВАЗ 2115 автокөлігін байқағаны анықталды. Бір-екі күн бойы бақылап, көліктің жұмыс істемейтінін түсініп, қылмыстық ниетпен, кешке танысымен бірге сол жерге келген. Өзінің ескі көлігінен фаралары мен радиосын шешіп алу керек деп айтып, танысынан көмек сұраған. Кейін анықталғандай, күдікті ұрланған заттарды өзіне тиесілі осыған ұқсас көлік құралына орнатпақшы болған.

Полицияға ұрлық жасалғаны туралы зардап шеккен көліктің иесі хабарлады. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті автокөліктерден ұрлықты болдырмау үшін көлік құралын күзет дабылы жүйесімен жабдықтауды, бейнебақылау камераларымен немесе күзетпен қамтылған күзетілетін автотұрақтардың аумағында автокөліктерді тұраққа қоюды ұсынады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру