Маңғыстау тергеушілері екі мыңнан астам қылмыстық істі тергеуде
Маңғыстау тергеушілері екі мыңнан астам қылмыстық істі тергеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу басқармасының қызметі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, заңдылық, гуманизм, кінәсіздік презумпциясы қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Трансұлттық немесе аймақаралық сипаттағы ұйымдасқан топтар, қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар) жасаған ауыр және аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ үлкен қоғамдық резонанс тудыратын қылмыстарды тергеп-тексеру-күнделікті жұмыс.
Биыл жеті ай ішінде Полиция департаментінің Тергеу басқармасы қызметкерлерінің қолынан 2703 қылмыстық материал өтіп, оның ішінде мыңға жуық қылмыстық іс сотқа жіберілді.
– Бедел, тұрақты және жоғары жалақы, әлеуметтік кепілдіктер. Бірақ бұған қарсы, нормаланбаған жұмыс күні тұр, өйткені кешке, түнде, демалыс күндері мен мерекелерде жұмыс істеуге тура келеді, кейбір азаматтар тарапынан өз мамандығына деген агрессиялық және әділетсіз қарым – қатынас, әрине, олармен жұмыс істеуге тура келетін контингент (кісі өлтірушілер, зорлаушылар және басқа да қылмыскерлер) осының бәрі тергеу қызметкерлерінің жұмысы, – деп атап өтті ПД бастығы Жанарбек Бақтыбаев.