Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау жолдарында алкогольдік масаң күйде көлік басқарған 14 жүргізуші анықталды

«Түнгі патруль» рейдтік іс-шарасы кезінде Маңғыстау жолдарында алкогольдік масаң күйде көлік басқарған 14 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері «Түнгі патруль» профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Рейд тек қала мен ауылдық жерлердегі автожолдарда ғана емес, Республикалық маңызы бар тас жолдарда да жүргізілді.

Жол қозғалысы ережелерін бұзушылар арасында мас күйінде 14 жүргізуші анықталды.

Мәселен, 2021 жылғы 15 мамырда Мұнайлы ауданының патрульдік полиция ротасының «Арлан-2» экипажымен белгіленген маршрутты патрульдеу кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін Toyota Carina көлігінің жүргізушісі тоқтатылды. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі шықты.

Медициналық куәландыру нәтижесі жүргізушінің «жеңіл» дәрежеде мас күйде екенін көрсетті. Көлік айыптұраққа қамалды.

Рейд барысында барлығы 226 әкімшілік хаттама толтырылды.

Мамандандырылған айыптұраққа барлығы 21 автокөлік жабылды.

– Алдын алу іс – шаралары облыста тұрақты түрде жүргізіледі, олардың мақсаты жолдардағы апаттылықты азайту және жолдарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады, – деп атап өтті Маңғыстау облысының полиция басшысы Ж. Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру