Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ұрылар тобы арнайы дайындықпен Lexus 570 автокөлігін айдап кетті

Алматыда ұрылар тобы арнайы дайындықпен Lexus 570 автокөлігін айдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның құрамына 1955, 1970 және 1982 жылдары туылған үш адам кіреді. Олардың екеуі – Алматы облысының тұрғындары, тағы бір қатысушы – алматылық.

– Ағымдағы жылдың 13 мамырында күдіктілер Медеу аудандық аумағынан Lexus 570 автокөлігін ұрлап кеткен. Осы кезде қаскөйлер техникалық құрылғыларды қолданды, олардың көмегімен көліктің пультіндегі сигналды оқып, байқатпай есігін ашты және ұрлап үлгерді. Күдіктілер өз құрбандарын бірнеше күн бойы бақылап отырғаны, оның қала бойында жүрген бағдарын зерттегені қазірдің өзінде анықталды. Жол талғамайтын көлік иесі кафеде кездесуде болған кезде, бөтеннің мүлкіне қол сұғушылық жасалды. Осы қылмысты ашу мақсатында арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Біраз уақыттан кейін қаскөйлер ұрланған көлікті жасырған үй анықталды. Бұл – Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесқайнар ауылында жалға берілген тұрғын үй, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Тәймерденов.

Полицейлер бұл арнайы іс-шараны арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен өткізді. Аталған үйдің аумағында рұқсат етілген тексеру барысында ұрланған жол талғамайтын көлік, осы көліктің салонынан алынған ақшаның бір бөлігі, сондай-ақ күдіктілер қылмысқа қолданған техникалық құрылғылар және жасанды шаш пен мұрттар тәркіленді.

– Біз дабылдың блокаторлары және иесінде орналасқан зауыттық қашықтан басқару пультінен дабыл беру үшін кәдімгі қолшатырға бүркемелу үшін жасалған арнайы антенна туралы айтып отырмыз. Қаскөйлер қылмысқа мұқият дайындалғаны және жедел деректер бойынша қылмыстың бұл түрін ағымға салуды жоспарлағаны анық. Алайда айыпталушылардың қылмыстық жоспарлары жүзеге аспады. Қазір олар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп түйіндеді Қанат Тәймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру