Маңғыстауда 14 жезөкше есепке қойылды
Маңғыстауда 14 жезөкше есепке қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Маңғыстау облысы аумағында 7-9 қыркүйек аралығында «Stop-трафик» іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында полиция қызметкерлерімен жалға берілетін пәтерлер, ойын-сауық орындары, монша кешендері, сауналар мен қонақ үйлер тексерілді.
7 қыркүйек күні сағат 00:30 шамасында Мұнайлы ауданында орналасқан моншалардың бірінде 34 жастағы әйел азаматшаның жеңгетайлықпен айналысып жүргені анықталды. Одан бөлек, 9 қыркүйек күні Ақтау қаласында орналасқан сауналардың бірінен притон ұйымдастырып, жеңгетайлықпен айналысып жүрген Өзбекстан Республикасының азаматшасы анықталып, ұсталды. Бұл деректер бойынша ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы және өзге де шара барысында анықталған қылмыстық істер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Рейдтік іс-шаралар барысында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) 12 факті анықталды. Профилактикалық есепке 16 адам қойылды, оның ішінде жеңгетай санаты бойынша 2 адам, жезөкше санаты бойынша 14 адам.