Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полициясы жезөкшелікке тарту дерегін анықтады

Жетісу полициясы жезөкшелікке тарту дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Демалыс күндері аймақ аумағында полиция сақшылары жыныстық және еңбек қанаушылық, жеңгетайлық, сондай-ақ адам саудасы және заңсыз бас бостандығынан айыру фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында сауналар, ойын-сауық орындары мен қонақ үйлерге рейд жүргізді.

Талдықорған қаласында жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар мен жеңгетайлықпен айналысқан бір қонақ үй мен бір саунаның әкімшілері ұсталды. Сондай-ақ жас әйелді жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі анықталды.

Күдіктілер ұсталып, ҚР ҚК-нің 308-бабы және 309-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Профилактикалық есепке 8 “түнгі көбелек” және 2 сутенер қойылды.

Сонымен қатар, облыс орталығында және ауылдық жерлерде полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабында көзделген қоғамдық орындарда тиісу фактілерін анықтауға назар аударды. Тәртіп сақшылары 40 хаттама толтырды.

Бұдан басқа еңбекке пайдалану және бас бостандығынан заңсыз айыру деректерін анықтау және жолын кесу мақсатында шаруа мен фермер қожалықтарын тексеруді жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру