Маңғыстауда алты тәулікте 252 адамға қатысты әкімшілік хаттама жасақталды
Маңғыстауда алты тәулікте 252 адамға қатысты әкімшілік хаттама жасақталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сағат түнгі 23:00-ден бастап азаматтардың жүріп-тұруына шектеу енгізілген. Осы уақыттан басталатын коменданттық сағат таңғы 07:00-ге дейін өз күшінде болады.
Еске сала кетейік, төтенше жағдай режимі кезінде облыс аумағындағы азаматтар жеке куәліктерін өздерімен бірге алып жүруі керек әрі жалпыға ортақ талапты сақтауға міндетті.
Облыс бойынша сегіз жерде орналасқан блок-бекетте қызмет жалғасуда. Алты күн ішінде блок-бекеттерде барлығы 30 991 автокөлік тексеріліп, оның ішінде сегізі арнайы тұрақтарға жабылды.
Жалпы төтенше жағдай кезінде барлығы 50 мыңға жуық адам, ал коменданттық сағат кезінде 513 азамат тексерілді.
Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін Әкімшілік кодекстің 476-бабы бойынша жауапкершілік көзделген. Алты тәулікте барлығы 252 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама жасақталып, іс-қағаздар әкімшілік сотқа жолданды.