Қызылордада төтенше жағдай кезінде 324 құқық бұзушылық анықталды
Қызылордада төтенше жағдай кезінде 324 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысында ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша 240 құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Оның ішінде сот шешімімен 11 құқық бұзушыға ескерту берілсе, 47-не айыппұл салынды, 157-і әкімшілік қамаққа алынды. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы (Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) бойынша 84 дерегі анықталып, сот шешімімен екі құқық бұзушыға ескерту, 11-не айыппул, 84 әкімшілік қамаққа алу түріндегі тәртіптік шаралары көрілді.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 14 қаңтар күні Байқоңыр қаласының тұрғыны өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқаны анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабының 1-бөлігімен (Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер) әкімшілік хаттама іс-құжаттары рәсімделіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін Байқоңыр қалалық сотына жолданып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.