Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Маңғыстауда «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінде 4 миллионнан астам теңге өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысында 24-26 ақпан аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараға барлығы 262 полиция қызметкері жұмылдырылып, мүдделі мекемелерден 9 сот орындаушысы қатысты.

Бір күнде облыстағы борышкерлердің жұмыс орындарына 210 қаулы жолданып, айыппұлдары төленбеген азаматтардың мекен-жайларына 746 хабарлама жіберілді.

Мәжбүрлі түрде өндіру үшін жеке сот орындаушылары палатасына жалпы сомасы 5 млн 613 мың 514 теңгені құрайтын 405 қаулы жолданды. Тұтастай алғанда іс-шараның бірінші күнінде мемлекет пайдасына 4 млн 122 мың 348 теңге өндірілді.

Ақтау қаласы бойынша автоматты режимде жұмыс істейтін арнайы құрылғының көмегімен 5 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Іс-шара 26 ақпанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру