Маңғыстауда ер адам жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шықты
Маңғыстауда ер адам жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған Т. жаза мерзімі аяқталғаннан кейін мекемеден босап шықты.
Сотталғанның туыстарымен «Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/8 әлеуметтік-психологиялық жұмыс және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы Е.Сарсенбаев және жасақ бастығы А. Ақпанбет қатысып, профилактикалық сұхбаттар жүргізіп, сотталғанға құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Туыстары мекеме қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.