Маңғыстауда мерекеге орай анықтаушылар марапатталды
Маңғыстауда мерекеге орай анықтаушылар марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қыркүйек – анықтау қызметінің кәсіби мерекесі. 1991 жылы құрылған штаттық анықтау қызметіне биыл 30 жыл толып отыр.
Анықтау қызметінің ішкі істер органдары құрылымында алатын өзінің ерекше орны бар. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды тез әрі толық тергеп-тексеріп, кінәлілерді әшкерелеп, қылмыспен келтірілген шығынды өндіру үшін шаралар қабылдайтын бұл қызмет иелері заңдылықпен құқықтық тәртіптің нығаюына зор үлестерін қосуда.
Мерекеге орай Маңғыстау облысы Полиция департаменті ғимаратында Департамент бастығы Жанарбек Бақтыбаев қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар анықтаушыларды марапаттады. Атап айтсақ, полиция майорлары Тыныштық Торланов пен Сакен Алтай, полиция капитандары Берекет Оразалиев, Серікқали Бақытов, Али Оңғарбаев және Нұрәділ Сейтхасан, полиция аға лейтенанттары Жүсіп Мұсағалиев, Нұржан Елеусін, Нұрлан Джубатыров және Дамир Балқасым ПД бастығының алғыс хат, грамоталарымен марапатталды.
– Жауапты қызметті абыроймен атқарып, жақсы нәтижелермен көзге түскен қызметкерлерді марапаттарымен құттықтап, алғыс білдіреміз. Атқарып отырған еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін!, – деді Жанарбек Бақтыбаев.