Маңғыстауда өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Маңғыстауда өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
24 қыркүйек күні сағат 02:00 шамасында Мұнайлы ауданы Қызылтөбе округіне қарасты тас жолда Mazda автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын ішкілікті күйде басқарғаны анықталып, 2021 жылы аудандық сот қаулысымен көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылғандығы белгілі болды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша СДТТБТ-ға тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.