Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында заңсыз қару сақтаған тұрғын анықталды

Қызылорда облысында заңсыз қару сақтаған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда облысы Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкері “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 23 қыркүйек күні Аманөткел елді мекені тұрғынының мекенжайын тексерген.

Тексеру барысында азаматтың қолындағы қаптан ІІО-да тіркеуде жоқ, 2-ұңғылы, 12-калибрлі аңшы мылтығы анықталып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру