Маңғыстауда пробация қызметі қайырымдылық қорымен меморандум жасасты
Маңғыстауда пробация қызметі қайырымдылық қорымен меморандум жасасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Қарақия аудандық пробация қызметі және «Біз адамбыз, біз біргеміз» қайырымдылық қоры өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойды.
Айта кету керек, аталған қайырымдылық қоры біраз уақыттан бері түзету мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді.
Қарақия аудандық пробация қызметінің бастығы Нұрбол Надировтың айтуынша, құжатқа сәйкес қормен бірлесе жұмыс жасалынып, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілетін болады.
Бұл қор пробация есебінде тұрған отбасы жағдайы төмен жанұяларға киім-кешек, балаларына ойыншықтар, тұрмыстық заттар, азық-түлік сияқты қажеттіліктермен қамтамасыз ететін болады.