Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық оқушылар Полиция департаментінің мұражайына барды

Атыраулық оқушылар Полиция департаментінің мұражайына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 сәуір күні Атырау қаласы аумағында 11-15 сәуір күндері аралығында өтіп жатқан “Мен және менің полицейім” акциясы аясында басқарманың ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері мектеп оқушыларын Атырау облысы ішкі істер органдарының тарихына арналған музейге апарды.

Музей экспозициясы Атырау облысында ішкі істер органдарының алғашқы құрылуы сәтін бейнелейтін архивтік тарихи құжаттардан, қызмет атқарған басшылардың хронологиясынан басталады.

Сондай-ақ, музейде Атырау полициясының аға буын өкілдері, әр жылдарда ОІІБ-ға жетекшілік еткен басшылар, Ұлы Отан соғысы мен Ішкі істер саласының ардагерлері, қызмет бабында қаза тапқан азаматтар туралы арнайы тақырыптық экспозициялық кешендер жасақталған.

Қазіргі уакытта музей ІІО қызметкерлерінің өмір деректерін, тарихи құжаттарын, тарихи мәліметтерін жинақтайтын ғылыми зерттеу орталығына айналып отыр. Ондағы экспонаттар, тарихи деректер Атырау полициясының құрылған уақытынан бастап бүгінгі кезеңдерді қамтиды.

Ішкі істер органдарының және ерлік жасаған полицейлердің тарихына қызығушылық танытқан оқушылар сұрақтарына жауап алып, өз әсерлерімен бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру