Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында полиция департаментінің бастығы үздік полицейлерді марапаттады

Атырау облысында полиция департаментінің бастығы үздік полицейлерді марапаттады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар қызметкерлерді марапаттады.

Атап айтқанда Тайланд Корольдігінің Бангкок қаласында өткен кикбоксингтен Әлем кубогінде І орын иеленген Гүлбану Саматова арнайы құттықтауға ие болды. Бұл жеңіс – ел мерейін үстем етіп, Қазақстан полициясының оң имиджін нығайтуға қосылған маңызды үлес.

Сондай-ақ жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігінің жүргізушісіне жедел көмек көрсетіп, апаттың алдын алған полиция майоры Нұрболат Ыстыбаев пен полиция капитаны Асылжан Мұстафин департамент бастығының грамотасымен марапатталды. Полицейлердің кәсіби әрі шұғыл әрекеті азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғаудағы жоғары жауапкершілігін көрсетті.

Департамент басшысы қызметтік міндетін адал атқарып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және полиция беделін арттыруға үлес қосқан қызметкерлердің еңбегін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, мұндай жетістіктер жеке құрамға үлгі болып, халықтың полицияға деген сенімін нығайта түседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру