Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда пробация қызметкерлері дін өкілімен кездесті

Маңғыстауда пробация қызметкерлері дін өкілімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Маңғыстау аудандық пробация қызметкерлері дін мәселесі бойынша аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі теологы Айдос Муталиевпен дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш шараға есепте тұрған тұлғалар, жастар орталығының және ішкі саясат бөлімінің өкілдері қатысты. Шараның мақсаты – діни сауаттылықты арттыру, жат діни ағымға кіріп кетпеу.

– Діни көзқарастың таным-түсінігі дұрыс қалыптаспағандығынан, теологиялық білімнің жете білмегендіктен жат діни ағымдардың ықпалына түсіп кетеді. Бұл жағдай көбінесе жастар арасында болып отыр, себебі материалдық жағдайға қанағаттанбау, жұмыссыздық, отбасылық жағдай сияқты салдардан жат діни ағымдарға кетуі мүмкін, – дейді дін өкілі.

Оның айтуынша, мемлекет пен дін қатынастарында әлем елдеріндегі басым жүйе зайырлылық десе де, зайырлы елдердегі діннің орны және дінге қатысты мәселелер өз алдына жеке назар аударуды қажет етеді.

Айта кету керек, Маңғыстау ауданы бойынша 42 тұлға пробация қызметінің есебінде тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру