Маңғыстауда пробация қызметкерлері есепке алынған адамдарды тексеруде
Маңғыстауда пробация қызметкерлері есепке алынған адамдарды тексеруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында тұрғылықты жері бойынша есепке алынған адамдардың болуын анықтау мақсатында ғана емес, сондай-ақ тұрмыстық жағдайы мен қалыпты өмір сүру жағдайларын белгілеу үшін де тексерулер жүргізеді.
Пробация инспекторлары қиын жағдайға тап болған, тамақ өнімдері, үй ыдыстары мен жиһаздары жоқ сотталғандармен жиі кездеседі.
Мәселен, департаменттің пробация аға инспекторы Ғабит Чутабеков «Біз адамдар – Біз біргеміз» қорының қолдауымен сотталғандарды кезекті тексеру кезінде оларға азық-түлік пен ыдыс-аяқты апарады.
– Пробация қызметі облыстың қайырымдылық ұйымдарымен және қоғамдық қорларымен тығыз байланыс орнатты. Мысалы, «Біз адамдармыз – біз біргеміз» қорымен 2019 жылдан бастап ынтымақтасамыз және тұрақты негізде қор сотталғандардың аз қамтылған отбасыларына қолдау көрсетеді. Азық-түлік себеттерін, маусым бойынша киім-кешектерді, жиһаздарды таратады, ал «Мейірім» қоғамдық бірлестігімен 2015 жылдан бастап мемлекеттік қызметтер бойынша брошюралар түрінде заң көмегін, құжаттарды, азаматтықты алуға көмек көрсетеді, – деп атап өтті Ғабит Чутабеков.
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетумен жергілікті атқарушы органдар айналысатынына қарамастан, шұғыл көмек қажет болған кезде пробация қызметкерлері өз қаражатын жинап ұйымдастырған және тұрақты жұмысы мен жалақысы жоқ жалғыз басты аналарға пәтер жалдап берген жағдайлары да болған. Департамент бастығы Алтынбек Қалиевтің тапсырмасы бойынша пробация қызметіне қайта жасалған қылмыстардың себептері мен жағдайларын анықтау, сондай-ақ олардың алдын алу, болдырмау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы бірінші кезектегі міндеттер қойылды.
Айта кету керек, бір күн ішінде Маңғыстау облысы ҚАЖД Қарақия пробация қызметінде Құрық ауылында бірнеше сотталғанның жоқтығы анықталды, олардың біреуін пробация қызметкерлері компьютерлік клубта түнеп жүрген жерінен үйіне қайтарды. Тәртіп бұзушыға бұзушылық туралы материал жасалып, тәрбиелік-профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізілді, сондай-ақ сотталған адамның анасымен әңгіме жүргізілді.