Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда пробация қызметкерлері жазасын өтеушілерді жұмысқа орналастырды

Маңғыстауда пробация қызметкерлері жазасын өтеушілерді жұмысқа орналастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметкерлерінің негізгі бағытыесепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға, жәрдем көрсету, білім алуға, мамандық меңгеруге, жұмысқа орналасуға, емделуге көмектесу, сондай-ақ құқықтық көмекпен қамтамасыз ету.

Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар тарапынан пробациялық бақылау белгіленген, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, оған қатысты сот әкімшілік қадағалау белгіленген адамдарға нысан бойынша пробация қызметі әзірлеген әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетілуде.

Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидасын орындау мақсатында сотталған Г.Тайранова мен Н.Ерболатовты Маңғыстау ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына кәсіпті игеруге және жұмысқа орналасуға көмекке зәру ретінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жеке бағдарламасы жолданған болатын. Осы жеке бағдарлама бойынша сотталғандарды Маңғыстау аудандық жер қатынастары бөліміне және «Өрлеу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды. Қазіргі таңда екі сотталған да тұрақты жұмыс атқарып жатыр.

– Қоғамда соттылығы жоқ адамдар жұмыс іздеп, жұмыспен қамту орталығының табалдырығын тоздырып жүрген уақытта сотталған адамды жұмыспен қамту – жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің табанды қызмет атқаруының нәтижесі деп білеміз, – дейді пробация қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру