Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері есірткі қылмысының алдын алу мақсатында студенттермен кездесті

Түркістан облысының полицейлері есірткі қылмысының алдын алу мақсатында студенттермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жастар арасында есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында сан түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, өткізіп келеді. Оның басым көпшілігінде полицейлер студенттерге, жасөспірімдерге есірткінің зияндылығы туралы арнайы дәрістер өткізеді.

Тәртіп сақшылары Кентау қалалық көпсалалы колледжінің білімгерлеріне “Болашақ жастар арасында есірткі қылмысына жол бермеу және алдын алу мақсаты” тақырыбында шара ұйымдастырды.

Іс-шараға 200-ден аса студент офлайн, ал бірқатары онлайн режимде қатысты. Барлық жастарға полицейлер тарапынан есірткі және нашақорлықтың зияндылығы мен оған қатысты заң алдындағы жауапкершілік жіті түсіндірілді. Полицейлер білімгерлермен бірге “Есірткіге жол жоқ”, “Балаларыңызды есірткіден қорғаңыз” деген арнайы түсіндірме жазулары бар жабыстырғыштарды қабырғалар мен есіктерге жабыстырды.

Жастармен кездесу кезінде тәртіп сақшылары ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауындағы “Болашақ ұрпақтың әл-ауқатына төнетін қатер есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы” деген пікірін алға тартып, осы мақсатта жүйелі жұмыс атқарылып жатқанын айтты.
Сондай-ақ, ҚР Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен дайындалған бейне роликтер ұсынылды. Полицейлер жиналғандарға әрқашан салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға, теріс әрекеттерге бармауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру