Маңғыстауда «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда
Маңғыстауда «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталмыш шара наурыздың 14 мен 23 күндері аралығында өтуде. Бұл кезеңде пробация қызметкерлері жергілікті полиция қызметі мен криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды мекенжайы бойынша тексеріс жүргізуде.
Алты күннің ішінде барлығы 800-ге жуық адам тексерілді. Тексеру барысында 106 сотталған үйлерінде болмағаны белгілі болды. Тәртіп бұзғандарға ескерту беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қайта бұзған сотталғандарға қатысты пробация қызметкерлерімен жаза өтеу тәртібін ауыстыру жөнінде жеті материал сотқа жолданды. Өңірде «Пробация» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасын табуда.