Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда сотталғандарға арналған мерекелік концерт өтті

Таразда сотталғандарға арналған мерекелік концерт өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖД қарасты ЖД-158/4 мекемесінде Наурыз мейрамына орай сотталғандарға арналған концерттік бағдарлама өтті. Түзеу мекемесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен облыстық филармонияның әншілері Айдын Кенжебек пен Алуа Шөлтаева жырдан шашу шашып, әуелете ән шырқады.


ЖД-158/4 мекемесінің бастығы Е. Тоқанов сотталғандарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

– Наурыз мейрамы – табиғаттың және қоғамның қайта түлеуі мен жаңаруының нышаны. Күн мен түннің теңелетін, барша тіршілік иесінің шаттыққа кенелетін осынау ұлтымыздың ұлы мейрамында баршаңызға денсаулық, береке мен ынтымақ, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Еліміздің іргесі берік, аспаны ашық, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын. Наурыз мейрамын өз деңгейінде атап өту – аталған түзеу мекемесінде қалыптасқан дәстүр. Әр жыл сайын түрлі мерекелік іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Мәселен, былтыр қызметкерлер арасында спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылып, наурыз көже таратылды, жазасын өтеушілердің қолымен жасалған әсем бұйымдар көрмесі де өтті. Әдетте, Наурыз мейрамын тойлау сәуірдің ортасына дейін жалғасатындықтан, биыл да мұндай игі іс-шаралар атқарылады, – дейді мекеме басшылығы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру