Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда сотталғандар психологиялық тренингке қатысты

Маңғыстауда сотталғандар психологиялық тренингке қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Маңғыстау облысы ҚАЖ департаментінің №77 мекемесіндегі экстремизм және терроризм баптарымен сотталған жазасын өтеушілерге психологиялық тренинг өткізілді.

Айта кету керек, сотталған адамның түзеу мекемесінің психологиялық қызметінің қызметкерлері және осындай көмек көрсетуге құқығы бар өзге де адамдар көрсететін психологиялық көмек алуға құқығы бар. Сотталғандардың психологиялық көмек көрсетуге байланысты іс-шараларға қатысуы олардың келісімімен жүзеге асырылады.

“Ақниет” ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы қоғамдық қорының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің психолог-кеңесшісі Динара Мухамбетова “Мен қандай әкемін?” және «Күйзеліс пен позитивті ойлаудағы іс-әрекеттер» атты психологиялық тренинг жүргізді.

Кездесу барысында сотталушыларға аталған тақырыптарда бейнероликтер көрсетіліп, түсіндіру арқылы сұхбаттар өтті. Шара сұрақ-жауап форматында ұйымдастырылды.

– Сотталғандар арасында осындай психологиялық бағытта түрлі шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Бұл жазасын өтеушілерге оң нәтижесін береді деп сенімдіміз, – дейді арнайы контингентер арасындағы әлеуметтік психологиялық тәрбие бөлімінің теологиялық оңалту жұмысының ұйымдастыру тобының инспекторы Серік Булатбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру