Маңғыстауда сотталушы смартфонды тергеу изоляторына кіргізбекші болған
Маңғыстауда сотталушы смартфонды тергеу изоляторына кіргізбекші болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №77 мекемесінде тыйым салынған затты алып өтуге әрекет жасау фактісі тіркелді. Бұл ағымдағы жылдың басынан бері 9 факт.
Бұл жолы телефонды сотталушы іш киімге жасырып өтуге тырысты.
– Қызметкерлер сотталушының телефонын соттан арнайы көлікпен тергеу изоляторына апарған кезде тапты. Әдетте, тергеу изоляторына келгенге дейін және одан кейін тінту жүргізіледі. Бұл адамның тыйым салынған заттарды алып жүруіне жол бермеу үшін жасалады. Тексеруден кейін қызметкерлер сотталушыдан ұялы телефонды тәркіледі, – дейді мекеме бастығының міндетін атқарушы Елдос Нұржаубай.