Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері 90 келі бекіре тұқымдас балық сақтаған тұрғынды ұстады

Атырау полицейлері 90 келі бекіре тұқымдас балық сақтаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 49 жастағы облыс орталығының тұрғыны қала аумағында бекіре тұқымдас балықтарын сатып жүргенін анықтаған. Атап айтқанда, тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде жалпы салмағы 90,6 келіні құрайтын 26 дана бекіре тұқымдас балықтары анықталып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта 49 жастағы күдікті тұлға анықталып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Аталған дерек бойынша №1 Полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру