Маңғыстауда үш күнде мыңнан астам ЖҚЕ бұзу дерегі анықталды
Маңғыстауда үш күнде мыңнан астам ЖҚЕ бұзу дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жүргізушілер арасындағы көліктік тәртіпті арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында Маңғыстау облысы көлемінде 19 шілде мен 18 тамыз күндері аралығында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның алғашқы үш күнінде 1123 құқық бұзушылық анықталды. Ең жиі орын алатын құқық бұзушылықтар – қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік басқару кезінде ұялы телефон қолдану.
Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабына сәйкес, 206 хаттама жасақталса, 591-баппен 117 құқық бұзушылық анықталды. Бұл үш күнде облыс жолдарында тәртіп сақшыларымен жеке басын анықтайтын құжатсыз көлік басқарып жүрген 47 жүргізуші тоқтатылып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілік түрі қолданылды.
Сонымен қатар, көлікті мас күйде басқару қылмыс екендігін біле тұра, 5 жүргізуші көлік құралын алкогольдік ішімдік пайдаланып басқарған, олар соттың шешімімен көлік басқару құқығынан айырылатын болады. Егер, бұл іс-әрекет қайталанатын болса, қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.
Осы үш күнде жолда тиісті жермен өтпеген 144 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды. Үш күнде түрлі құқық бұзушылықтары үшін 37 автокөлік айыптұраққа қойылып, 51 көліктің мемлекеттік белгісі тәркіленді. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын да жүргізуде.