Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысы бойынша ҚАЖД жарты жылдықтың қорытындысын шығарды

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті бірінші жартыжылдықтың қорытындысын шығарып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығы Игілік Хасеновтың басшылығымен өткен жедел-қызметтік кеңеске департаменттің жеке құрамы, ведомстволық бағынысты мекемелер мен пробация қызметтерінің бастықтары, Алматы облысы прокуратурасының және “Еңбек-Жауғашты” филиалының өкілдері қатысты.

Отырысқа 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының жедел-қызметтік, өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметінің қорытындылары шығарылып, ведомстволық бағынысты мекемелерді және өңірдің пробация қызметтерін жасақтау мәселелері қаралып, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.

2022 жылдың 6 айында аумақтық бөлімшелер қызметінің негізгі көрсеткіштері айтылды.

Мекемелердегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, кадрлармен жұмыс, тәрбие жұмысы, психологиялық қамтамасыз ету, күзетті қамтамасыз ету нәтижелері, ҚАЖ объектілері, өндірістік-шаруашылық қызмет және пробация қызметтерінің жұмыс жай-күйі мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

– 6 айдың қорытындысын және қызметтің барлық бағыттары бойынша орын алған проблемалық мәселелерді қарап, жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктерді жетілдіруге және жоюға бағытталған шешімдер қабылданды, – деп атап өтті ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру