Маңғыстауда заңсыз айналымнан 1500-ден астам бір реттік доза болатын синтетикалық есірткі алынды
Маңғыстауда заңсыз айналымнан 1500-ден астам бір реттік доза болатын синтетикалық есірткі алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қазанда сағат 20:45 шамасында «Қарасора – 2023» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы және Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткізетін жедел-іздестіру іс-шараларының кешені шеңберінде Ақтау қаласының 13-шағын ауданында 23 жастағы жігіт аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін ұсталды.
Тәркіленген мефедрон синтетикалық есірткі затының салмағы – 200 грамм. Сондай-ақ ұсталған адам салмағы 170 грамм болатын экстази есірткі қоймасын көрсетті. Заңсыз айналымнан алынған синтетикалық есірткі құралдарының жалпы салмағы – 370 грамм.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-ға тіркелді. Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.