Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері Республика күнін атап өтті

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәстүр бойынша іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Әділет Мустафинов құттықтау сөз сөйлеп, бұл мерекенің Қазақстан аумағында тұратын барлық ұлт үшін маңыздылығын атап өтті.

– Біз қай жерде болсақ та, бізді ортақ мақсаттар біріктіреді. Біз бәріміз еліміздің игілігі үшін қызмет етеміз! Жас ұрпақ үшін лайықты болашақ және республикамыздың өркендеуі үшін тырысамыз. Бізді біріктіретін бірлік. Біз бір мақсат жолында қызмет етеміз, – деді ҚАЖД бастығы.

Іс-шараға жеке құраммен қатар олардың туыстары, ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке кәсіпкерлер қатысты.

Республика күнін мерекелеу аясында ҚАЖК төрағасының, ішкі істер министрінің және СҚО бойынша ҚАЖД бастығының құқықтарымен 40-тан астам қызметкер, ардагерлер мен шақырылған қонақтар грамоталармен, алғыс хаттармен, “Мінсіз қызметі үшін”, “Қазақстан Республикасы полициясына 30 жыл” медальдарымен марапатталды. Сонымен қатар бірқатар қызметкерлер мерзімінен бұрын атаққа ие болды.

Іс-шара соңында жеке құрам мен қонақтар үшін ведомствоға бағынысты мекеме қызметкерлерінің және балаларының қатысуымен мерекелік концерт өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру