Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да зейнеткер мерекелік концерт ұйымдастырған полицейлерге әсерлі сыйлық табыстады

Қарттарды қолдау айлығы аясында және Республика күні қарсаңында солтүстікқазақстандық погон таққан әртістер Смирново ауылындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұратын зейнеткерлерге арнап концерт ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Концерттік бағдарламада ретро стиліндегі композициялар, заманауи қазақстандық эстрада өлеңдері мен патриоттық әндер шырқалды. Қарт адамдар полицей вокалистер мен музыканттарға жарқын қойылымдары алғысын айтты. Орталықтың директоры Андрей Сембаев тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, зейнеткерлерге сыйлық дайындаған кәсіпкерге алғыс хатын жолдады.

Кездесудің әсерлі сәті орталықтың қызмет алушыларының бірі Сергей Крокиннің сыйы болды. Аязды күнде қолының бармақтарынан айырылған зейнеткер бейнелеу өнерімен айналысады. Мерекелік көңіл-күй сыйлағаны үшін ол өзінің суреттерінің бірін полицейлерге сыйлады.

– Мәдени орталық әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында тұратын ата-әжелер үшін қайырымдылық концерттерін үнемі өткізіп тұрады. Полиция қызметкерлері әрдайым зейнеткерлерге, әсіресе жалғызбасты адамдарға қамқорлық жасайды, оларды әртүрлі іс-шаралар аясында мүмкіндігінше қолдайды, өйткені қарт адамдарға құрмет көрсету – бұл әр адамның борышы, – дейді Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, СҚО ПД мәдени орталығының басшысы Дидар Малаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру