Маңғыстауда жастарға кинологтардың қызметі таныстырылды
Маңғыстауда жастарға кинологтардың қызметі таныстырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай тәжірибелі кинологтармен кездесу өткізілді. Шараға Маңғыстау облысы ПД кинология қызмет орталығының қызметкерлері, арнайы қызмет иттері, «Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы» мәдени демалыс кешенінің КММ жастар орталығының мамандары, сонымен қатар «Жасыл ел» жастары қатысты.
Жастарға кинологтардың қызметтік міндеттері таныстырылып, олардың көмекшілері – қызметтік иттерін бағып күту, баптау және үйрету ережелері айтылды.
Олардың негізгі қызметтеріне күдіктіні ұстау, есірткі және жарылғыш заттар мен із-түссіз жоғалған азаматтарді іздеу және шабуыл жасайтын иттердің жұмыстары көрсетілді.