Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жоғалған бала қызметтік иттің көмегімен табылды

Шымкентте жоғалған бала қызметтік иттің көмегімен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 маусымда сағат 22:40 шамасында жергілікті тұрғын баласын таппай, полицияға 102 арнасы арқылы арызданған.

Аталған хабарламаға шұғыл ден қойылып, жедел-тергеу тобы жасақталып, жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы Ерболат Жамалбаев Грей қызметтік-іздестіру итімен баланың киімін иіскету арқылы баланың ізіне түседі.

Содан бір сағат ішінде балақай қаладағы сауда орталықтарының бірінің алдынан аман-есен табылып, ата-анасына қайтарылды.

– Мен баламмен кешкі серуенге шыққанмын. Үйге бірнеше минутқа кіріп, қайта шыққанымда, ауладан таппай қалдым. Бойымды үрей билеп, не істерімді білмей, бірден полицияға хабарладым. Олар тез арада келіп, қызметтік итке баламның киімін шығарып бердім, сол арқылы бірден ізіне түсіп, аман-сау тауып берді. Қиын жағдайға тап болғанда көмек беретін полиция қызметкерлеріне рақмет, – деді анасы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру