Маңғыстауда жазасын өтеушілер арасында спорттық жарыс өткізілді
Маңғыстауда жазасын өтеушілер арасында спорттық жарыс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/8 мекемесінде спорттық жарыстар өтті. Бұл жолы сотталғандар арқан тартуда, турникке тартылудағы өз шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, жиналғандар гір көтеру және армрестлинг бойынша бақ сынады.
Ұлттық спорт түрлері бойынша ұйымдастырылған бұл жарыстың басты мақсаты – әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа негізделген сотталушының жеке басының рухани және физикалық дамуы.
– Мұндай іс-шараларға қатысу арнайы контингентте жоғары адамгершілік сана мен мінез-құлықты қалыптастырады, – дейді мекеме жасағының бастығы Е.Сәрсенбаев.
Мәдени және спорттық іс-шараларға қатысу сотталғанға өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жігерлендіруге, жетілдіруге және өз белсенділігін дұрыс бағытқа бағыттауға мүмкіндік береді.
– Дәстүр бойынша біздің мекемеде мұндай шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Мен олардың барлығына белсене қатысамын, – деді жазасын өтеуші Б. Домбаев.