Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіге хаттама толтырылды

Түркістанда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау мақсатында тұрақты түрде патрульдеу жұмыстарын атқарып келеді. Оған қоса, әлеуметтік желілерге де үнемі мониторинг жүргізеді.

Осындай кезекті тексеру кезінде Жетісай ауданының полицейлері қала көшелерінің бірінде өзге көліктерден басып озып жүріп бара жатқан бірнеше көліктерді байқайды. Бірден әрекет еткен полицейлер көліктердің соңына түседі. Нәтижесінде, полиция қызметкерлерімен жол ережесін өрескел бұзып, басып озған Audi көлігінің жүргізушісі анықталып, ұсталды. Ол жергілікті тұрғын, яғни жас жігіт болып шықты.

Полицейлер құқық бұзушы жас жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 5-бөлігімен (Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырды. Ал автокөлігі айыптұраққа қойылды.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері аталған жол ережесін бұзып, жылдамдықты арттырып, басып озған бейнежазбадағы өзге де көліктерді анықтау үстінде.

Қазіргі таңда тексеру барысында анықталғаны, бұл көліктер Алматы қаласына тіркелген, алматылық тұрғындарға тиесілі болып шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру