Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік басқару құқығынан айырылған қызылордалық мас жүргізуші ұсталды

Көлік басқару құқығынан айырылған қызылордалық мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен аудан көшелерінің бірінде жол жүру қағидаларын бұзған жеңіл көлік тоқтатылды.

Құжаттарын тексеру барысында мас жүргізуші бұрын сот шешімімен өткен жылдың 14 маусымында жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Яғни, 28 жастағы жүргізуші тағы да мас күйінде көлік басқарған.

Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік айып алаңына қойылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру