Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер алаяқтықтың бірнеше дерегін ашты

Маңғыстаулық полицейлер алаяқтықтың бірнеше дерегін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жеңілдікпен баспана алуға көмек беремін деген негізбен алдаған алаяқтың арбауына түскен жергілікті тұрғын полицияға арызданған. Жәбірленушіге 5,4 млн теңге көлемінде шығын келтірілген. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 31 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны ұсталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сондай-ақ, Ақтау қаласының Полиция басқармасына мұнай компаниясына жұмысқа орналасуға көмектесемін деген желеумен алдаған алаяқтың арбауына түскен жергілікті тұрғындар арызданған. Күдікті өзінің алаяқтық іс-әрекетімен жәбірленушілерге 1 млн теңге шығын келтірген.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 34 жастағы Түпқараған ауданының тұрғыны ұсталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру