Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде есірткі сатумен айналысқан аспаз ұсталды

Ақтөбеде есірткі сатумен айналысқан аспаз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

25 тамызда Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Карасора” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Ақтөбе қаласындағы мейрамханалардың бірінің тұрағында мейрамхананың 28 жастағы аспазын ұстады.

Жеке тексеру кезінде одан марихуана есірткі затына ұқсас 8 түйін табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, мейрамхананы тінту барысында ұсталған адамнан 15 полиэтиленге оралған есірткі заты табылып, тәркіленді. Одан әрі ұсталған адамның тұрғылықты жерін тексеру кезінде ішінде жасыл түсті өсімдік тектес заттың 33 түйіні болған пакет тәркіленді.

Тәркіленген есірткі марихуананың жалпы салмағы 1 келіден асты, бұл аса ірі мөлшерге жатады.

Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу және заңсыз сақтау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлімі және ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық ауырлататын жағдайларды ескере отырып, ер адам 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал алынған заттар бойынша сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру