Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер арасында алғаш рет бокстан біріншілік өткізілді

23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай, Ақтау қаласы “Маяк” спорт кешенінде Маңғыстау облысы ішкі істер органдары қызметкерлері арасында бокстан алғаш рет біріншілік өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталмыш шараға “Динамо” дене шынықтыру және спорт қоғамының төрағасы Т.Сатханов, сондай-ақ ПД арнайы мақсаттағы бөліністерінің басшылары қатысты.

Тартысты додада тоғыз салмақ дәрежесі бойынша барлығы 65 қызметкер бақ сынасып, жарыс қорытындысына сәйкес 39 қызметкер медаль және дипломдармен марапатталды. Атап айтсақ, 60 келі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынды ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы А.Багитов иеленді.

65 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының инспекторы полиция Р.Батырбаев екінші орынды еншіледі. Ал 70 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан ПД ЖҚАЖ инспекторы Б.Болатбеков 1-орынға ие болды.

Қоғам қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жолында аянбай қызмет атқарып жүрген тәртіп сақшыларының уақыттарының басым бөлігі құқық бұзушылықтар және қылмыстың алдын алып, күресуге жұмсалады. Әрбір кәсіби полицей үшін спорт — өмірінің ажырмас бөлігі, айнымас серігі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру