Маңғыстаулық полицейлер “Мектепке жол” қайырымдылық акциясын өткізді
Маңғыстаулық полицейлер “Мектепке жол” қайырымдылық акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Маңғыстау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы және Жаңаөзен қаласы ПБ қызметкерлерімен әлеуметтік деңгейі бойынша аз қамтылған отбасыларға “Мектепке жол” акциясы негізінде көмек көрсетілді. Бұл – Мемлекет басшысының бұйрығымен бекітілген Балалар жылы аясында да өткізілген шаралардың бірі.
Атап өтейік, аталмыш акцияның мақсаты әлеуметтік және қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, тұрмыстық жағдайы төмен мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған. Бұл — балалардың жаңа оқу жылын ерекше ынтамен бастауына да ықпалын тигізетін игі істердің бірі.
Жаңа оқу жылының басталуына орай бүлдіршендерге полиция қызметкерлері оқуға қажетті құрал-жабдықтарды табыстады.
– Баршаңызды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтаймыз. Сәттілік тілейміз, біз өз тарапымыздан қашан да көмектесуге дайынбыз, – деп атап өтті Маңғыстау облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары А.Булекбаев.
Ата-аналар мен мектеп табалдырығын аттағалы отырған оқушы балақайлар ризашылықтарын жеткізіп, алғыстарын білдірді. Маңғыстау облысы Полиция департаменті жаңа оқу жылы қарсаңында барлық білім алушы жастарға сәттілік тілейді!