Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері жергілікті тұрғыннан 636 түп қарасора тәркіледі

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора – 2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында өз үйінде ірі көлемде құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірген азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол 1965 жылы туылған жергілікті тұрғын болып шықты. 

Күдіктіні ұстау және заңсыз іс-әрекеттерін әшкерелеу шараларына Қаратау АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі №67 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция полкінің №852 экипаж қызметкерлері қатысты.

Тексеру барысында 57 жастағы азаматтың тұрғылықты мекенжайынан жалпы салмағы 47,5 кг құрайтын 636 түп есірткі өсімдігі тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткі өсімдігі “сора” тұқымына жатады.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, күдікті бұрын да осыған ұқсас қылмысты жасағаны үшін сотты болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру