Маңғыстаулық полицейлер қаза тапқан әріптестерін еске алды
Маңғыстаулық полицейлер қаза тапқан әріптестерін еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 қаңтар Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті қаза тапқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
– Бейбіт азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және террористердің шабуылына тойтарыс беру кезінде сегіз полиция қызметкері мен Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері қарулы қылмыскерлердің қолынан қаза тапты. Ерлік пен батырлықты көрсете отырып, олар өздерінің қызметтік және әскери борыштарын соңына дейін орындады, – деп атап өтті Маңғыстау облысының ПД бастығы Жанарбек Бақтыбаев.