Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері қаза болған әріптестерін еске алды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлері қаза болған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтар Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілердің салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты елде жалпыұлттық аза тұту күні деп мәлімдеген болатын.

Конституциялық заңға сәйкес, Жалпыұлттық аза тұту күні Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ғимаратындағы Мемлекеттік ту төмен түсірілді.

Жалпыұлттық аза тұту күні Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрам қызметкерлері департамент ғимаратының алдында сап түзеп, ал департаментке қарасты мекеме қызметкерлері мекеме алаңында бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындарды, әскери қызметшілер мен ішкі істер органының қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру