Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлерге қызметтік автокөліктің кілті табысталды

Маңғыстаулық полицейлерге қызметтік автокөліктің кілті табысталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірдегі республикалық және жергілікті маңызды тас жолдардағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Маңғыстау облысы ПД бастығы Аян Дүйсембаев жол патрульдік полиция қызметкерлеріне қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады. Табысталған жаңа жеті автокөліктің барлығы жылдамдық өлшеуге арналған “Кибер-шериф” құрылғыларымен жабдықталған.

- Патрульдік автокөлік санының артуы жолдағы қауіпсіздікті арттыруда оң нәтиже береді деген үміттеміз. Ең бастысы - азаматтардың амандығы мен қоғамымыздың тыныштығы, - деп атап өтті облыстың бас полицейі Аян Дүйсембаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру