Түркістан облысының тұрғынынан 70 түп марихуана тәркіленді
Түркістан облысының тұрғынынан 70 түп марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Сауран ауданының аумағында құрамында есірткі заты бар өсімдік егудің кезекті дерегін анықтады.
Нақтырақ айтсақ, Сауран ауданының тұрғыны тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірді деген күдікпен анықталды. Тәртіп сақшылары ауыл тұрғынын тінту кезінде ауласынан қарасораға ұқсас 70-тен астам түп есірткі тапты. Сондай-ақ күдіктінің сарайынан ішінде есірткіге ұқсас заты бар қағаз орама тәркіленді. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес есірткі заттары марихуана болып шықты.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу) және ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.