Мақтаарал полицейлері мас халде көлік басқарған жүргізушіні қамауға алды
Мақтаарал полицейлері мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады.
Мәселен, Мақтаарал АПБ жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы Ескендір Жұмабеков қызмет атқару кезінде сағат 18:00 шамасында қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан Audi 100 маркалы көлікті тоқтатты. Содан соң жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның мас күйіне күмәнданып, медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысына сәйкес, автокөлік жүргізушісінің мас күйі расталды.
Полиция қызметкерлері аталған жайтқа байланысты күдіктіні қамауға алып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар заңды шешім қабылдау үшін, жинақталған іс-құжаттар Мақтаарал аудандық сотына жолданды.